“ЭКО-АСАР” игі істер марафоны
“Парктер шеруі - 2025” және “Таза Қазақстан” экологиялық акция шеңберінде “Эко-Асар” игі істер марафоны өткізілді.
Марафонның мақсаты - ұлттық парк аумағында орналасқан құмырсқа ұяларын қоршау. Сол арқылы құмырсқаларға қамқорлық көрсету, қорғау.
Қатысушылар: Ә.Ермеков атындағы 2 жалпы білім беретін мектеп КММ, 7 сынып оқушылары. Акция соңында қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.