ПРЕСС РЕЛИЗ

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман өртін сөндіру станциясы бүгінгі күні жаңа техникамен толысуда.

2024ж 4 бірлік Мitsubisni L-200 базасында кіші орман патрульдік кешені, 1 өрт сөндіру автокөлігі, 1 трактор, 1 бірлік трактор тіркемесі Республикалық бюджет қаражатынан алынды. Аталған техникалар мен жабдықтарды алу үшін Республикадан 200 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен «Өнеркәсіптік даму қоры» (ФРП) арқылы қаржылық лизингпен 3 бірлік «Беларус-922» маркалы тракторлар және Джак Т-6 базасында 5 кіші орман патрульдік кешені 141 млн. теңгеге алынды.

2025ж 2-тоқсанында аталған қор арқылы жалпы сомасы 491 млн. құрайтын 8 бірлік өрт сөндіру автокөлігі алынады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, орман өрттерін ерте анықтау мақсатында Ұлттық парктің территориясында 25 дана мұнара «Өнеркәсіптік даму қоры» қаржылық лизинг арқылы орналтылады.