ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 11 күні Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жаңадан тағайындалған басшысы Аманбаев Маргулан Топашевич бастаған комиссия құрамы Қарқаралы ауданы бойынша өртке қарсы құрылымдық мекемелерді өрттің алдын алу іс-шаралары бойынша және өрт болған жағдайда жедел шара қолдану бойынша дайындықтарын тексерді.

Жұмыс тобы Қарқаралы МҰТП— і ұжымымен танысып,аумақта орналасқан ІІ-ші үлгідегі орман өртін сөндіру станциясында (ОӨСС-да) болып, өртке қарсы дайындық жұмыстарын, техникалардың жай-күйін, өртке қарсы арналған құрал-жабдықтар (РЛО, хлопушка т.б.) тексерді. Маргулан Топашевич ұлттық табиғи паркінің ұжымына өз тарапынан бірқатар ұсыныстар айта отырып, алдағы қойған мақсаттарына және жұмыстарына сәттілік тіледі, сондай-ақ екі жақтық қарым-қатынасты нығайтуға шақырды.