16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Ата-баба арманы орындалған күн!
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
Ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген күн. Осынау ұлы тәуелсіздік ұғымы әр қазақтың жүрегінің терең түкпірінен ойып тұрып орын алғаны және алары сөзсіз. Көк аспанда қыранымыз биікте қалықтап, әр таңда күліп оянып, әр кеште тыныш ұйықтауымыздың өзі осы азаттықтың арқасы деп білеміз.
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ең үлкен аманаты. Оның мәнін ұғынып, баянды да мәңгі болуына аянбай қызмет ету – баршамыздың басты парызымыз.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Баршаңызға игілік пен бақыт, отбасылаңызға бақ-дәулет, ырыс-береке тілейміз!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!
Ізгі тілекпен: Қарқаралы МҰТП РММ-і