Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.
Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Наурыз Қарқаралы ауданында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтілді. Қарқаралы халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Мәдени іс-шараға барлық мемлекеттік мекемелердің ұжымдары қатысты. Орталық алаңда киіз үйлер тігіліп, ақ дастархан жайылып, әр түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, ерекше фестивальдар өткізілді. Әрине бұл мәдени іс-шараға Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіде өз үлесің қосты. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде ұйымдастырылған «Киіз үй безендіру, көрме жасақтау» байқау – фестивалінде Қарқаралы МҰТП ұжымы 1-ші орын иеленді және мекемелер арасында «Арқан тарту» сайысынан 1-ші орын иеленді. Жастар арасында «Қол күрес» спорт жарысынан парк қызметкері Ибраев Елдос 2-ші орын иегері аталды.
Ықылым заманнан бері Наурыз күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтарға жақсы тәлім тәрбие беретін айрықша күн.
Көктің тынысын тындап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтын бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағаланған. Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.