ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ

Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні, "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясының аясында, М.Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжі студенттеріне презентациялық көрсетілім арқылы дөңгелек үстел өткізілді.

Қарқаралы МҰТП ғылым және мониторинг бөлімі мамандары Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер әлемімен жақынырақ таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, пікір алмасты. Сонымен қатар, колледж студенттеріне түсіндірме қағаздары мен жолсілтемелер таратылды.